• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:13:03
Алматы
+35°

Бүгін "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығының жертөлесіндегі электр кабельдері өртенді –  деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

"101 пультіне" сағат 09.42-де "Хан Шатыр" СОО сауда үйінің астыңғы қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер техникалық бөлмедегі электр кабельдерінің өртенгенін анықтап, өртті толығымен сөндірді.

Ал сауда орталығының әкімшілігі өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін қызметкерлер мен келушілерді эвакуациялауды ұйымдастырды.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда оқиға орнында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті жоюға астаналық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 техника жұмылды. Полиция қызметкерлері сауда ойын-сауық кешенінің аумағын қоршап алды.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт Хан-Шатыр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір