• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:28:04
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің күйеу баласы Теміртай Ізбастинді Қазақстанның Болгариядағы елшісі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды" делінген Ақорданың хабарламасында.

Азаттық Радиосының жазуынша, Теміртай Ізбастин - Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастинаның күйеуі. Ол 2009 жылы Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық өкілдігінің жетекшісі болып тағайындалған. Дипломатия саласында 1994 жылдан бері қызмет атқарып келеді. 2013 жылы Kapital.kz сайты Тоқаевтың ұлы Тимур және Ізбастиннің ұлы Мұхамед Атырау облысында шикізат игерумен айналысатын "Аби Петролеум Кэпитал" мұнай компаниясының құрылтайшылары екенін жазған.

Президент Тоқаев Қазақстанның тағы да басқа елдердегі елшілерін де ауыстырды.  

Ақорданың хабарлауынша, Шахрат Нұрышевтің орнына Қазақстанның Қытайдағы елшісі болып Ғабит Қойшыбаев тағайындалған. 47 жастағы Қойшыбаев бұған дейін президент әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыс бөлімі жетекшісінің орынбасары болған.

Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Латвиядағы елшісі болып Тимур Пірімбетов тағайындалды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір