• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:23:22
Алматы
+35°

 

 

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы жас теміржолшы Иманбек Зейкенов жазған тректің әлемдік музыкалық чартта танымалдығы артып отыр.

 Saint JHN –нің Roses атты әніне жазылған ремикс Shazam-да екі жарым миллион рет ізделген. Композиция ТМД елдеріндегі хит-парадты да бастап тұр.

"Мен үйде Saint JHN-нің әуенін естідім. Осы әнге екі сағатта ремикс жаздым. Кейін ол видеоны интернетке жүктедім. Достарыма ұнады, бірақ айтарлықтай еш нәрсе болған жоқ. Үш айдан соң трек бір миллион жазылушысы бар топта жарияланыпты. Адамдар әуенді сол жерде тыңдай бастады. Бір немесе бір жарым айдан соң маған түрлі продюсерлер хабарласа бастады", - деді Зейкенов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Иманбек ресейлік Effective records лейблі үшін трек жазуға келісті. Қазіргі уақытта бұл лейблдің ремикстері Apple Music, Google Play Music, Spotify, BOOM–да сатылады.


sputniknews.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әнші хит трек музыка

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір