• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:02:31
Алматы
+35°

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушыларына "Шаңырақ" қоғамдық қоры қонаққа келді. Қор өкілдері балаларға шоққа таба нан пісіруді, құрт дайындауды, самаурынға шай қайнатуды көрсетті.

- Біздің басты мақсатымыз өсіпк еле жатқан өскелең ұрпаққа қазақтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін көрсетіп, таныстырып, көрсету болды. Бұл балалардың рухани тұрғыдан байып, қазақтың салтын біліп жүруге, болашақта ұстануына септігін тигізеді деген ойдамыз, - дейді қор жетекшісі Рысгүл Игілікова.

Қор өкілдері мектеп алаңына ошақ қазып, қидан шоқ дайындап таба нанды пісіру жолын көрсетті. Сонымен қатар, құртты түюді көрсетіп, оның түрлері жайлы баяндады.

Өз кезегінде зияткерлер қор мүшелеріне алғыс білдіріп, қара жорға биін топ болып билеп берді. нишниш

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір