• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:21:41
Алматы
+35°

Батыс Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен түскен мәліметке сүйенсек, шенеунік орындалған жұмыс актісіне тексерусіз және ешқандай кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1,9 млн теңге пара алды деген күдікке іліккен.

Күрделі жөндеу жұмыстары Шыңғырлау ауданы мектептерінде жүргізілген.

Білім бөлімінің басшысы 30 қазан күні ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес ұсталып, Орал қаласы полиция басқармасы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

БҚО бойынша департаментінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігіне (пара алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір