• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 08:58:08
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

01 Қараша, 2019 NEWS

Шымкенттегі атысқа байланысты желіде тағы бір видео пайда болды

Шымкенттегі дәмханада оқ атқандар әліде бостандықа жүр. Ал оқиға салдарынан жараланған екеуінің жағдайы ауыр – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Шымкент атыс
Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Онда криминалистердің жұмыс істеу сәті таспаланған.
Кадрде мамандар оқ жарақатынан жан тапсырған жігіттің мәйтіне сараптама жасау үстінде.

Оқ 28 жастағы жігіттің кеуде тұсына шашырай тиген.

Сондай-ақ қанға боялған шағын бөлмеде полицилер жедел түсірілім жасап жатыр. Бұдан бөлек әуесқой түсірілімде түсіріліп жатқаны байқалады.

"Әлеуметтік желіде таралып кеткен видеоға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде", – деп Шымкент полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация басқармасының жетекшісі Әсел Сәденов жауап берді.

Еске салсақ, оқиға 29 қазан күні сағат 17:30-да Шымкент қаласындағы Арғынбеков көшесінде орналасқан «Сүндет» дәмханасында болды. Тамақтану орнына сырттан кірген адам көздеген адамдарына оқ жаудырған. 4 адамға оқ тиіп, біреуі оқы орнында жан тапсырды. Қылмыс орынан айғақтық зат ретінде автокөліктер мен қарулар алынды.

 

 

Ілмек сөздер: Шымкент атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір