• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:23:10
Алматы
+35°

Катонқарағай ауданында 114 көпбалалы және аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Әр отбасына электронды және қағаз түрінде әлеуметтік карталар жасалды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Катонқарағай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлім етті.

Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек жаңа механизм бойынша 338 отбасына (1641 адам, 1028 бала) көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмекті бір жолғы төлеу арқылы алушылар мал сатып алды. Мысалы, Қызыл Жұлдыз ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Құралай Зарқымова бұзау сатып алды. Ал Өрел ауылының тұрғыны, көпбалалы Гүлнұр Гайсина тігін машинасын алып, тұрақты сатып алушыларынан тапсырыстар қабылдауда.

– Катонқарағай ауданында 28 көпбалалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Қазір олар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс банкі арқылы жеке үй алуға жолдама алды, – деді Ренат Құрмамбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір