• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:07:21
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 NEWS

Талдықорғанда атыс болды (видео)

Талдықорғанда атыс орын алды,– деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талдықорған қалалық полициясына 3-шағын ауданындағы кафенің жанында атыс болды деген қоңырау түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оқ жарақатын алған 45 жастағы ер адамды ұстады. Зардап шегуші Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізілді.

Көп ұзамай полиция көрші үйлердің бірінде тұратын атысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны полиция бөлімшесіне алып келді. Күдікті ұстаған кезде мас күйде болған. Ойын-сауық мекемесінде жәбірленуші мен күдікті арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Сондай-ақ көшеде ер адамдардың бірі қарсыласына бірнеше рет тапаншадан оқ атқан.

Күдіктіден табылған қару газ травматикалық  болып шықты. Куәгерлердің айтуы бойынша, мылтық бұдан бұрын қоқыс контейнерінен табылып, үйде сақталған.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігіне (Қаруды қолдану арқылы бұзақылық) сәйкес жүргізілуде", –  деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл бап  бойынша  бас бостандығынан 3 жылдан 7 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Қылмыстық іс жүзінде қажетті сараптама тағайындалды. Қазір ұсталған адам қамауда.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

ПЬЯНЫЙ ХУЛИГАН, УСТРОИВШИЙ НА УЛИЦЕ СТРЕЛЬБУ ИЗ ТРАВМАТИЧЕСКОГО ОРУЖИЯ, ЗАДЕРЖАН В ТАЛДЫКОРГАНЕ Полицейские Талдыкоргана задержали 42-летнего мужчину, ранившего из травматического оружия близ одного из городских кафе местного жителя. В ночь на 31 октября на канал «102» талдыкорганской городской полиции поступил вызов о стрельбе у кафе, расположенном в 3 микрорайоне. Прибывшие на место происшествия сотрудники Западного отдела полиции обнаружили получившего огнестрельные ранения 45-летнего мужчину, который в срочном порядке был госпитализирован в больницу. В ходе организованных оперативно-розыскных мероприятий подозреваемый в стрельбе был установлен и доставлен в полицию. Подозреваемый, оказавшийся в момент задержания в алкогольном опьянении, проживал в одном из соседних многоэтажных домов. Также выяснилось, что между находившихся в увеселительном заведении потерпевшим и подозреваемым возникла ссора, в ходе которой один из мужчин уже на улице произвел в оппонента несколько выстрелов из пистолета. «Оружие оказалось газо-травматическим. Пистолет уже обнаружен, изъят и приобщен к материалам уголовного расследования в качестве вещественного доказательства. По показаниям задержанного пистолет он ранее нашел в мусорном контейнере и хранил у себя дома. Досудебное расследование по факту проводится согласно части 3 статьи 293 Уголовного кодекса Республики Казахстан (Хулиганство с применением оружия)» - сообщили в пресс-службе ДП Алматинской области. По факту назначены необходимые экспертизы. Подозреваемый помещен под стражу. Потерпевший мужчина находится в больнице.

Публикация от ?? АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)

Ілмек сөздер: Талдықорған атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір