• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:53:39
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Дін мен дәстүр

Алты жылдан кейін Сириядан оралған әйелдің жанайқайы (видео)

Сириядан оралған Ақжайық тұрғыны басынан кешкен қасіреттері  туралы  студенттермен кездесу барысында бөлісті – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда соңғы 7 жылдың ішінде  терроризм мен экстремизм тұрғысында 9 шабуыл жасалып,  түрмелерде 700 адам жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде бұрынғы содырлар да бар.

Мамандардың айтуынша, олардың жартысынан жуығы дінге деген көзқарасын өзгерткен. Олармен бүгінгі таңда психологтар мен теологтар жұмыс істейді. Алдағы уақытта БҰҰ мамандары елдегі радикалдарға қарсы іс-қимыл жасайды.

Жуырда Сириядан оралған Ақжайық тұрғыны Альбина Мансұрова басынан өткен ауыр жағдайдар мен зорлық-зомбылықтар туралы баяндады.

Оның айтуынша күйеуімен бірге Сирияға кетіп, алты жыл тұрған. Алайда, қақтығыс аймағынан шығу өзі мен балалары үшін оңай болмаған.  Көз алдында күн сайын адамдардың қырылғанын көрген. Тіптен, аш қалмау үшін балаларымен бірге шөп жеуге тура келген.

Альбина Қазақстанға келгенге дейін паранжа кисе, елге оралған соң жабық киім киюді қойып,  шашын жайып, макияж жасап сырт келбетін түбегейлі өзгерткен.

"Ол жерде әділетсіздік, қатыгездік, агрессия, жаппай өлтірулер мен аштық болды. Мен мұның бәрі саясат болғанын түсіндім. Дінге еш қатысы жоқ. Сондықтан ол жерден шығу жолын іздей бастадым. Қазақстанға оралып, өзімді және балаларымды құтқаруым керек болды",  – дейді ол.

Қазіргі таңда Мансұрова Сирияға кетуді жоспарлағандарды құтқаруға бар күшін салмақшы. Кездесу барысында студенттерге өзінің тағдырын қайталамасын деген үмітпен бастан кешкен қасіретін айтты.

Қазақстанда екі жылдың ішінде 300 тұтқын дәстүрлі діни көзқарастарға оралды

"Қақтығыс аймағынан оралғандармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдері керек. Өйткені біздегі экстремистер мен террористер бөлек санатта, ал қақтығыс аймағынан оралғандары мүлдем басқаша. Құзырлы органдар оларға қатысты арнайы жұмыс әдістемесін әзірлейді", – деді Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Қайрат Жақыпбаев.

Еске салсақ, "Жусан" гуманитарлық операциясының нәтижесінде Сириядан 600 қазақстандық қайтарылды. Олардың 30-ы ер адам, 137 әйел және 406 бала.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір