• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 08:59:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

30 Қазан, 2019 NEWS

Қытай азаматтарының ісінде кім жауапқа тартылады?

Қытайдың екі азаматы Қазақстанға заңсыз өтті. ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов бұған жол бергендер жауапқа тартылатынын мәлім етті, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мемлекеттік шекара сенімді қорғалады, жабық. Алайда адам факторы бар. Бұл мәселені талдап жатырмыз. Жан-жақты зерттеп, мемлекеттік шекараны қорғаудың кейбір тұсын өзгертеміз",  –деп Дархан Ділманов мәжіліс кулуарында жауап берді.

Оның айтуынша, бұл факті бойынша шекара қызметінде тергеу жүргізілген. Кінәлілер анықталды.

"Тәртіптік жаза қолданылатыны анық. Әрине, сарбаздар емес, лауазымды тұлғаларға жауапқа тартылады. Бөлім командирі қызметінен босатылды", – деді шекара қызметінің басшысы.

Қытай азаматтарына қатысты іс Қылмыстық кодекстің 392- бабы ("Мемлекет шекарасын қасақана кесіп өту") бойынша қарастырылады. Заңға сәйкес, кінәлілер бір мың айлық есептік көрсеткіш (2 миллион теңгеге жуық) айыппұл төлейді немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылып, елден қуылады. Сондай-ақ 5 жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды.

"Олар қазір тергеу изоляторына қамалды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, екі ай тергеу жүргізіледі. Бұдан соң мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге қатысты сот отырысы өтеді. Оларға өзге айып тағылып отырған жоқ", – деді Ділманов.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір