• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:11:37
Алматы
+35°

Жамбыл облысында бюджет есебінен пайдалануға берілетін көппәтерлі тұрғын үй көлемі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға өскен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Биыл өңірдегі тұрғын үйлердің құрылысына бюджет есебінен 28 миллиард 348 миллион теңге қаржы қарастырылған.

– Өткен жылы барлық қаржы көздерінен өңірде 29 тұрғын үйдің

құрылысы жүргізілді. 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 12 тұрғынды үйдің құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін 19 тұрғын үй пайдалануға берілді. Халық игілігіне жараған тұрғын үйдің жалпы көлемі 272,3 мың шаршы метрді құрайды.

Ал ағымдағы жылы 30 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейні 20 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Қалған 10 тұрғын үйдің құрылысы өтпелі нысанға жатады. Жыл басынан бері өңірде 11 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 274 мың шаршы метрге тең болды, –дейді облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров.

Биыл облыста нақтыланған бюджетке сай 90 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып, бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 11 миллиард 811 миллион теңге қаржы қарастырылса, саланы жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көлемі 16 миллиард 536 миллион теңгені құрады.

Жалпы өңірде облыс әкімінің бастамасымен жобалық сметалық құжаттамаларды әзірлеуде бюджетті оңтайландыру шарасы қолға алынды. Нәтижесінде тек өткен жылдың өзінде 133 жобаны іске асыру мүмкіндігін қайта қарау арқылы 10 миллиард теңге үнемделген. Бұл оңтайландыру шарасы құрылыс нысандарының көлемін қажеттілікке қарай негіздеу арқылы жүргізілді. Мәселен мектептердің құрылысы 1 оқушыға 16,85 шаршы метр әдісі бойынша жоспарланды. Сондай-ақ бұған дейін медициналық–фельдшерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаторияларды салуға 65-90 миллион теңге жұмсалып келген болса, ендігі кезекте бұл қаражаттың мөлшері 30-45 миллион теңгеге дейін төмендетілді. Сол секілді дене шынықтыру, спорттық сауықтыру кешендердің құны 227 миллион теңгеден 115 миллион теңгеге дейін түсірілді. Ал бұған дейін ауылдық клубтарының құрылысына жұмсалып келген 200 миллион теңгеден 130 миллион теңге қаржы үнемделді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір