• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:06:19
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

28 Қазан, 2019 Аймақтар

Заманауи кітапханалар тұрғындардың 5383 сұранысын электронды режимде өтеді

Өткен жылы облыс әкімінің бастамасымен ауылдық елді мекендердегі кітапханалардың базасынан цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашыла бастаған болатын. Сол кезден бері өңірдегі 103 ауылдық округтегі кітапханалар жанынан 146 коворкинг және цифрландырылған ақпараттық орталығы ашылды. Бүгінгі таңда олардағы «cao-zhambyl.kz» сайты арқылы тұрғындардың 5383 сұранысы қанағаттандырылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ақпараттық орталықтарға негізінен ауыл тұрғындары білім саласына қатысты мәселелерді анықтау бойынша қайырылады. Сәйкесінше бұл сала бойынша тұрғындарға берілген жалпы ақпараттың көлемі 1080-ді құрайды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мәселесі бойынша 754 сұраныс қанағаттандырылған. Мұнан бөлек ақпараттық орталық мамандары ауыл тұрғындарының талабына сай egov.kz электронды порталы арқылы 16064 анықтама берген. Электронды анықтамалардың тең жартысын мекенжай анықтамасы құрайды.

–Басқармамен елді-мекендерде ашылған орталықтардың жабдықталуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығымен бірлесіп цифрландырылған ақпараттық орталықтардың жабдықталуы бойынша бірыңғай талаптары да әзірленді. Мұнан бөлек, ауылдықтардың сұранысын электронды режимде қанағаттандырып жүрген цифрландырылған ақпараттық орталықтарда қызмет көрсететін кітапханашылардың біліктілігін арттыру да басты мәселе. Бұл орайда «Цифрлы Қазақстан: Рухани жаңғыру: Кітапхананың жаңа келбеті» облыстық семинары, Айша бибі ауылдық, Байзақ, Талас аудандық кітапханалар базасында «Цифрлы Қазақстан: цифрлы қоғам және ІТ технологиялар» кітапханалық аймақтық кластерлері, «Бүгінгі қоғам кітапханасының жұмысын трансформациялау (өзгерту): жаңа пішіндер мен ұғымдар» облыстық форсайт сессиясы өткізілді. Аталған шараларға заманауи кітапхана қызметкерлерімен бірге халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері де қатысып, «Mgov», «Telegram-bot», «EgovKzBot» қосымшаларымен жұмыс жасау тәсілдерін көрсетті, –дейді облыс әкімдігінің мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Жалпы өңірде 2018 жылдан бері 125 цифрландырылған ақпараттық орталық пен 21 коворкинг орталығы ашылған. Ағымдағы жылы 63 ауылдық округтегі дәл осындай 76 орталық қызметіне кірісті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір