• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:40:12
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылы жариялаған «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында «Архив 2025» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау арқылы мұрағат қорындағы материалдарды цифрлы форматқа көшіру жайы айтылған-дs. Осы орайда Жамбыл облысындағы архивтік мәліметтердің 13,8 пайызы электронды форматқа ауысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде Жамбыл облысындағы архивтерінің сақтауында 925 198 сақтау бірлігі бар. Архивтерге жыл сайын мекемелерден шамамен 10-12 мың құжат сақтауға қабылданады. 2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін 126 438 сақтау бірліктегі 12 085 039 парақ құжат сканерден өткізілді. Бұл архив қорларындағы жалпы мәліметтің 13,8 пайызын құрайды. Облыста архивтік құжаттарды цифрландыруға көшіру мақсатында жыл сайын 16-18 мыңдай құжат сканерден өткізіледі.

Цифрлы форматқа алдымен тұрақты сақтау жататын архивтік анықтамалар үшін көп сұранатын құжаттар, шаруашылық кітаптар, тарихи маңызға ие құжаттар көшіріледі.

– Облыстық архивке ескі құжаттарды өткізуге арналған арнайы планетарлық сканер алынды. Әзірге тек облыстық архивке ғана алынған бұл құрылғының бір данасы 14 миллион 900 мың теңге тұрады. Осы құрылғыны алу есебінен құжаттарды сканерлеу көрсеткіші 25 пайызға өсті. Бұған дейін ескі құжаттарды электронды форматқа көшіру жұмыстары сәл баяулап қалған еді. Өйткені жылдамдығы төмен сканерлер күніне шамамен 450-500 парақ, айына 10 000 парақ құжат өткізуге қана қауқарлы болатын. Ал бұл іске жылдамдығы жоғары сканерді тартуға ескі құжаттардың жыртылуы, мыжылуы қаупі кедергі келтіріп отырды, –дейді облыс әкімдігі мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Сондай-ақ, архивтердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін Сарысу ауданының мемлекеттік архивіне 12 миллион теңгеге 16 дана жылжымалы сөрелер сатып алынды. Соның есебінен архивтегі қойманың толу дәрежесі 40 пайызға кеміді. Қазір мұндай құрылғыны Байзақ, Қордай, Талас, Шу аудандық архивтері қажетсінеді.

Өз кезегінде архив мәліметтерін цифрлы форматқа көшіру бұл салада қарапайым халық үшін көрсетілетін қызметті оңтайландыру үшін жасалып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір