• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:32:12
Алматы
+35°

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының тұрғындары арасындағы жұмыссыздық азайып келеді. Бағдарлама қатысушысы атанған жамбылдықтардың бірі тобы қайта даярлаудан өтсе, енді бірі шағын несие алып жеке кәсібін бастауға ден қойған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылы өңірде бұл бағдарламаны іске асыруға 11 миллиард 600 миллион теңге қаржы қарастылған. Мұндағы 7 миллиард 400 миллион теңге республикалық бюджетке тиесілі болса қалған 4 миллиард 200 миллион теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Бағдарлама аясында жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 30 504 адам тартылған. Оның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына 14 210 адам тартылса қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 3299 адам қамтылған. Сонымен қатар арнаулы орта және жоғары оқу орындарын тәмамдаған 2297 түлек жастар практикасына жолдама алса, әлеуметтік жұмыс орындары арқылы 1477 адам жұмысқа тартылды.

Сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстарға 4868 жұмыссыз тартылса, 1292 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыған. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 649 адам оқуға жолданды. 959 адам шағын несие алып, 683 адам грантқа қол жеткізді.

Мәселен Жамбыл ауданының Аса ауылындағы жұмыссыз жүрген жандар дәл осы бағдарламаның шарапатын сезініп, жеке кәсіпкерлікке бет түзеуде. Сондай-ақ ауыл тұрғыны Мөлдір Құрманалиева нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Ол бұл қаржыға сұлулық салонын ашты.Сұлулық салонында қазір 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жас кәсіпкер болашақта жамбылдық өзге қыз-келіншектерге де кәсіпкерлік негіздерін оқытатын орталық ашуға ниет танытып отыр. Ал жас маман Әзиз Кәдірханұлы «Жастар практикасымен» Аса ауылдық округінің аппаратына іс-тәжірибеден өтуге келген. Іле-шала жас маман тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жалпы Жамбыл ауданында бағдарламаның барлық бағыты бойынша 2740 адамды жұмыспен қамту межесі бекітілген. Аймақта күні бүгінге дейін 2324 адам бағдарламаның үш бағыты бойынша жұмыспен қамтылған. Олардың арасында 66 мүмкіндігі шектеулі жан бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір