• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:49:39
Алматы
+35°

Жамбыл облысында бадамша (миндаль) өсіру ісі қолға алынбақ. Өзбекстан жерінде ғана өсірілетін, миндаль дәні көпшілік үшін аса жеңсік ас саналады. Бағасының қымбаттығына қарамастан өсімдіктің осы бір түріне сұраныс жоғары. Ендігі кезекте өнімнің дәл осы түріне деген жергілікті тұрғындардың сұранысын өтеуге жамбылдық шаруалар мықтап кіріспек, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл бастаманы жақында ғана Өзбекстан Республикасынан жұмыс сапарынан оралған облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Олжас Қаржауов көтеріп отыр.

–Біздің облыстың климатында бадамша дәнін (миндаль) өсіруге әбден болады. Өкініштісі сол шаруалар тарапынан кәсіптің бұл түріне қызығушылық жоқ. Есесіне сауда орындарында көрші елден небәрі әр келісі 3500-3800 теңгеге әкелінген бадамша 5500 теңгеге саудалап жатыр. Қазір облыс әкімінің бастамасымен ауыл тұрғындарының ауласындағы 10 сотық жерді мақсатты пайдалану мәселесі көтерілуде. Осы жерге бадамша дәні өсетін талды егілсе төртінші жылдан бастап өнім жинауға болады. Алғашқы жылдары әр талдан 8 келі өнім жиналады. Бірнеше тал егіп одан жиналған өнімді жоғары да көрсетілген бағада саудалау көл-көсір пайда әкеледі емес пе? Өз кезегінде бұл жобаны іске асыруда өзбекстандық әріптестеріміз көмек көрсетуге әзір. Шаруалар да дақылдың осы бір ерекше түрін егу тәжірибелерімен бөліспек, –деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов.

Оның айтуынша Өзбекстан тарапымен қазір 10 000 түп бадам көшетін әкелу мақсатында келіссөздер жүргізіліп жатыр екен. Егер бұл келіссөздер нәтижелі аяқталса жамбылдық шаруалар қараша айында бадамша егу жұмыстарын бастауға даяр. Әзірге бадам көшеттерін Жамбыл ауданындағы жері құнарлы, климаты оңтайлы Айша бибі ауылына егілмек. Ал қалған бөлігін Меркі ауданына жерсіндіру жоспарланып отыр.

Жалпы көршілес түркістандық шаруаларда бадам жаңғағын өсіру тәжірибесі бар. Бадам ағаштары 100 жылға дейін қурамай тұра береді. Оның алғашқы 30-40 жылында бұл ағаштан өте мол өнім алуға болады. Дастарханның сәні болуымен бірге бадам жаңғағының дәнінде кездесетін эфир майы денсаулыққа өте пайдалы. Қазақстанда жаңғақты бұл түрінің «Десертный”, “Ялтинский”, “Угамский”, “Никитский”, “Урожайный» деп аталатын сұрыптары оңай жерсінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір