• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:29:37
Алматы
+35°

Қоғамның барлығы саласына дендеп енген цифрландыру үрдісі агросаланы бәсекеге қабілетті етуге, халықаралық талаптардың үдесінен шығуына мол серпін беріп келеді. Әрі бұл жұмыстар Жамбыл өңірінде кезең-кезеңімен өз жалғасын табып, агросектордың барлық саласын қамтыған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы жерді қашықтықтан зондтау тәжірибесі барлық аудандарға енгізілді. Сол арқылы жерді заңсыз пайдаланушыларды анықтауға мол мүмкіндік беріп келеді. Жерді қашықтықтан зондтау арқылы алынған ақпараттар арқылы сала мамандары жер қоры ресурстарының интерактивті картасын дайындауға кірісті. Бұл карта көмегімен жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілері өз уақытысында ашылады.

Өңірде жерді қашықтықтан басқару тәжірибесімен бірге мал шаруашылығы саласында цифрландырудың оң тәжірибесі қалыптасып келеді. Бұл тәжірибені қазір Қордай ауданындағы «Қақпатас-Қордай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз тәжірибесіне енгізіп үлгерді. 600 басқа арналған тауарлы сүт-фермасындағы әрбір сиыр арнайы чиппен қамтамасыз етілген. Шаруаларға компьютер осы чиптер арқылы сиырдың денсаулығына қатысты ақпараттарды ұсынады. Толығымен автоматтандырылған жүйе сиырдың сауылған сүтіне де талдау жасайды. Сол арқылы тиісті мамандар мал ауруларының алдын алады. Тіпті компьютер шаруаға сиырларға арналған жайылымды жерлерін кезең-кезеңімен ауыстыруын бағдарлама арқылы іске асырылады.

Жыл соңына дейін Жуалы ауданындағы «Гамбург» шаруа қожалағы да толықтай цифрландырылған жүйеге ауысады. Мал шаруашылығын цифрландыру арқылы жуалылық шаруалар 1200 бас сиыр бар агроқұрылымды тауарлы сүт-фермасын компьютер тетігі арқылы басқаруға мүмкіндік беруімен ерекшеленгені тұр.

Жалпы есепті кезеңде облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында көрсетілетін қызмет түрлерін электронды режимге ауыса бастады. Күні бүгінге дейін басқармадан ұсынылатын 53 мемлекеттік қызметтің 25-і автоматтандырылған жүйеге ауысты. Өткен жылы шаруалар үшін минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы толығымен автоматтандырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір