• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:59:18
Алматы
+35°

Семейлік Дильназ Құмарова Ираклион қаласында Крит аралында өткен бразилиялық джиу-джитсу бойынша Еуропа біріншілігінде алтын медаль иеленді. Ал, Әлихан Ахметжанов чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Семей әуежайынан жас спортшыларды Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, бразилиялық джиу-джитсу мектебінің негізін қалаушы Айдос Серікқалиұлы, спортшылардың туған-туыстары мен достары қарсы алды.

Дильназ - түрлі чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегері, осы жолы тағы бір мәрте бағы жанып, құрметті бірінші орынды иеленді.

Семей қаласында бразилиялық джиу-джитсу клубын үш жыл бұрын кәсіпкер Айдос Серікқалиұлы ашқан. Балаларға клубта тегін айналысуға мүмкіндік берілді. Басты мақсат- табандылық танытып, жақсы көрсеткіш көрсету. Тоқсан қорытындысы бойынша ең үздіктер чемпионаттарға қатыстырылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір