• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:55:12
Алматы
+35°

Жамбыл облысында жыл санап кәсіпкерлік саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы жамбылдық кәсіпкерлердің екінші тынысын ашты. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауына сай 2025 жылға дейін созылған мемлекеттік бағдарлама өңірдегі бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысын жолға қоюда кәдеге жарауда. Олардың қатарында Тараз қаласындағы «Сәуле» кондитерлік фабрикасы да бар, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тараз қаласы аып химия өнеркәсібі кешені болуымен бірге жеңілөнеркәсіп нысандарының жұмысы жолға қойылған шаһар ретінде белгілі. Тұтынушылар сұранысын өтеу мақсатында мұнда соңғы жылдары тамақ өнеркәсібінің көкжиегі кеңейе түсуде. Мемлекеттік бағдарлама көмегімен облыс орталығында жоғары сапалы кондитерлік өнімнің 34 түрін ұсына алатын «Сәуле» кондитерлік фабрикасы да өз жұмысын бастады.

–Кейіннен кондитерлік фабрика айналған ғимаратқа осыдан 4 жыл бұрын қол жеткіздік. Біз өнім өндіруде австриялық HAAS компаниясының жабдықтарын қолданамыз. Құрал жабдықты алу және ондағы өндірістік жұмыстарды ұйымдастыру үшін Halyk Bank-тен 1 миллиард 200 миллион теңге көлемінде несие алдық. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Даму» қоры банктен алған несиенің 10 пайызы субсидияланды. Кондитерлік фабриканың өндірістік қуаттылығы айына 250 тонна кондитерлік өнімді құрайды. Кәсіпорында 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Болашақта өндіріс ошағының өндірістік қуатын еселеп арттырып, ондағы өнім түрлерін көбейту жоспарда бар. Сәйкесінше кондитерлік фабрикадағы жұмысшылар санын 200-ге дейін көбейтуге ниет етіп отырмыз,– дейді «Сәуле» кондитерлік фабрикасының директоры Сәуле Жанабекова.

Жалпы жылына 2100 тонна өнім өндіруге қабілетті кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру бағытындағы ауқымды жоспарлары баршылық. Кондитерлік фабрика құрылысының екінші кезеңі аяқталуы есебінен кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 4500 тоннаға дейін артақ. Жеке кәсіпкер келешекте кондитерлік фабриканың өндірістік қуаттылығын 12 000 тоннаға дейін ұлғайтуға жоспар құруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір