• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:35:10
Алматы
+35°

Бүгінде Жамбыл облысында өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығы артып келеді. Бұл орайда олардың өнімдеріне деген нарықтағы жоғары сұранысты да атап өткен жөн. 9 жыл бұрын Мойынқұм өңірінде құрылған «Мыңарал» цементі бүгінде құрылыс материалдары нарығында жетекші кәсіпорын саналады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл инвестициялық жобаға франциялық компания 350 миллион АҚШ доллар көлемінде құйылған. Кәсіпорынның өнімдері жергілікті тұрғындардың күнделікті сұранысын қамтамасыз етумен бірге «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі құрылыс нысандарын соғу кезінде пайдаланылды. Компания негізінен нарыққа сұранысына сай цементтің «М400 Д20», «М500 Д0» маркаларын өндірумен айналысады. Мұндағы өндірістік үдерісте толықтай жаңа технологиялар қолданылады. Соның есебінен «Мыңарал» цемент зауыты өз өнімдерін қосымша күйдіру мен «құрғақ» өндіру әдісі шығаратын бірден-бір кәсіпорынға айналды. Қазір өнімді өткеру мақсатында зауыт басшылығы халықаралық автодәліз бен темір жол торабының мүмкіндігін молынан пайдаланып отыр.

Кәсіпорында өндірілген цемент негізінен Қырғыз, Өзбекстан Республикаларына экспортталады. Өнімдерді тасымал ісінде компанияның заманауи үлгіде жабдықталған транспорттық паркі кәдеге жарайды. Бұл паркте қазір дайын өнімді тасымалдауға арналған 370 хоппер вагоны бар.

–Зауытта 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Таяу арада өнідірістік база маңынан дайын өнімді Астана қаласына өткеру бойынша жұмыс жасайтын жаңа темір жол терминалының құрылысы жүргізіледі. Сол арқылы Мыңаралдың цементі еліміздің әр аймағындағы қарқын алған құрылыс алаңдарына жөнелтілмек,–дейді «Мыңарал Тас компани» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің бас директоры Мұртаза Бұлтай.

Зауыттың Мойынқұм даласында орналасуының да өзіндік себептері бар. Өйткені мұнда цемент өндірісіне қажетті шикізат саналатын әк тасы мен саз балшықты тақтатастың мол қоры кездеседі.

Алғашында жылына 11 миллион тонна цемент шығаруға есептелген зауыттың өндірістік қуаттылығы 40 пайызға ұлғайтылды. Тек өткен жылдың өзінде компанияның экспорттық әлеуеті алдыңғы жылдармен салыстырғанда 218 пайызға өсуі сөзімізге дәлел.Бүгінде кәсіпорын Vicat компаниясына еншілілес 15 зауыттың ішінде үздік өндіріс ошағының біріне айналып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір