• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:16:38
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға екі күндік жұмыс сапарымен келді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы  үлкен жиналыс өткізеді деп жоспарлануда. Күн тәртібінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері тұр. Президенттің  жұмыс сапар бағдарламасы бірнеше нысандарды аралауды қамтиды.

"Президент бүгін "Жаңа Алматы" бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, "Балалар үйінің" тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.

Сонымен қатар «Tech Garden» инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болады" – деп президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейзбуктегі парақшасында  мәлім етті.

Сондай-ақ жұмыс сапарының екінші күнінде мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір