• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:13:42
+35°

"Охотзоопром" инспекторы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында браконьерлерді қуу кезінде жол апатынан қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 25 қазанда болған. "Біздің инспекторлар жазықта автокөліктің прожектор қосып жүргенін көрген. Бұл түнгі уақыт еді. Артынан қуған, олар қаша жөнелген. Қуу кезінде біздің көлік аударылған. Соның салдарынан біздің инспектор қаза тапты", - деді Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетінің облыстық басқармасының басшысы Айтуар Туғанбеков.

Оның айтуынша, браконьерлер инспекторларға оқ атпаған, тек қашқан.  "Олар оқиға орнында ұсталды. Бізде екі экипаж болды. Ұсталғандар - жергілікті тұрғындар. Олардың көлігінде мылтық пен заңсыз атылған жыртқыштардың өлексесі болған", - деді ол. 

Туғанбеков министрлік атынан қаза тапқан инспектордың туыстарына көңіл айтты. Оның айтуынша, инспектордың отбасына 7,8 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, тергеу қорытындысы бойынша 4 миллион теңге сақтандыру өтемақылары төленеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір