• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:23:34
Алматы
+35°

Пилоттық жоба №5 автобустан бастауын алды. Қазіргі уақытта жол ақысын үш жолмен төлеуге болады.

Көлік картасы яғни оны кондуктордан 400 теңгеге сатып алуға болады. Жолаушы картадағы теңгерімді кондуктордан немесе терминалдан толтыра алады. Жол жүру ақысын төлеу үшін картаны валидаторға салу жеткілікті. Нәтижесінде "Төлем сәтті жасалды" деген жазу шығады.

Екінші тәсіл – Avtobys қосымшасы арқылы жол жүруді төлеу үшін өз смартфоныңызға орнату керек. Төлем тәсілін таңдау қажет болса, банк картасы немесе ұялы телефонның теңгерімінен төлей аласыз.

Бүгінде қала тұрғындарының көпшілігі жолақыны бұрынғыдай төлеп жүр. Осы уақытқа дейін 224 карта сатылды. №5 автобустың жолаушылары электрондық төлемнің ыңғайлы екендігін жарыса айтуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір