• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 20:01:48
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

28 Қазан, 2019 NEWS

ҚТЖ-ның станса бастығы 8 жылға сотталды

Бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген "Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы" АҚ филиалы Алтынкөл стансасының бастығы Ж.Т.Ұнтақбаевқа қатысты сот ісінің қортындысы шықты, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: "Ол "Алтынкөл" кеден бекетінің бас маманы Е.М.Төлеевпен және тауар кассасының бастығы А.М.Стамқұловамен алдын ала сөз байласып, радиациялық фоны жоғары вагондарды кедергісіз өткізгені үшін 4 млн 324 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, Ұнтақбаев "Алтынкөл" стансасының жүк ауданының бастығы Т.П.Қалдыбаевтың көмек көрсетуімен ірі габаритті вагондарды бергені үшін 1 млн теңгеден астам сома және жұмысқа орналастырғаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алған", –  деп мәлім етті.

Алматы облысы Панфилов аудандық сотының үкімімен бірнеше рет пара алған Ұнтақбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ осы үкіммен Төлеев пен Стамқұлова 7 жылға, ал Қалдыбаев 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Одан өзге сотталғандар  өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды иелену құқығынан айырылды.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір