• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:35:06
Алматы
+35°

28 Қазан, 2019 Барлық аймақтар

Ринат Зайытов сайлаудан кейінгі өмірі туралы, соңғы саяси оқиғалар туралы "Qajet" Youtube арнасына сұхбат берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

– Қазір Ақордада өзара үлкен соғыс болып жатыр. Қазіргі шулатып жүрген адамдардың да қатысы бар. Ал кімнің қай жақта екенін бір Құдай біледі. Бірақ бәрінің қатысы бар. Ұзын сөздің қысқасы, қазіргі Ақорданың ойынында ешкім "мен жаққа шықшы, мен жақта ойнашы" деп ашық айтпайды. Қазіргі билікке көңілім толмайды. Бірақ қазір шулаған халықты көтерем деп жүрген адамдардың өзі билікке жұмыс істеп кетуі әбден мүмкін. Себебі Ақорда екіге бөлінді. Қазіргі көтерілістің кімге пайдалы екенін білмейсің. Менің ары-бері ойланып, сараптама жасағаным бойынша, билікке халықтың көтерілгені пайдалы. Қазір халық көтеріліп, у-шу болса бірнеше миллиардтаған қаражат сұраусыз жоқ болып кетуі мүмкін. Сол үшін мемлекеттік деңгейдегі ойынға қатысып кетпеу үшін алды-артын ойлап, сақ болу қажет. Мен партия құрам дегенім рас. Бірақ одан бөлек оған саяси сауатым да, тәжірбием де жоқ екенін ескерттім. Оған кем дегенде бір жыл уақыт керек. Қазір дайындық үстіндемін. Мен сайлауға дейін де, кейін де айтқанмын. Кез келген билікке қарсы шыға аламын, соңына дейін күресемін деген адамның қасындамын. Ал менің көшбастауыма біраз уақыт керек, - деді айтыскер ақын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір