• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:10:14
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов белсенді тұрғындар, қоғамдық ұйымдар мен қала әкімдігінің құрылымдарын біріктіретін бірыңғай платформаның жұмысын қорытындылады, –деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл туралы ол фейзбук парақшасында  жазды.

Әкімнің айтуынша, елорданың  акселераторы іске қосылғанына екі ай болған.

астана

"Алғашқы нәтижелерге тоқталар болсам, тұрғындар пәтер иелерінің кооперативтерінің жұмысына қатысты көбірек шағымданған. Яғни, олардың қызмет көрсету сапасы тұрғын халықты қанағаттандырмайды. Пәтер иелерінен түрлі қажеттіліктер үшін жиналатын қаражаттың жұмсалуы әлі де болса басы ашық мәселе", – дейді ол.

Өз сөзінде  пәтер иелерінің кооперативтері – өзін-өзі басқару институты болып есептелетіндігін айтты.

"Пәтер иелері үйді басқаруды кімге тапсыратындығын таңдауға, өздері таңдаған қызмет көрсетушілермен шарттар жасасуға құқылы. Жаңа цифрлық технологиялар жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Мәселен, Е-ПИК мобильді қосымшасы. Жақында пәтер иелерінің кооперативтері ассоциациялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездестім. Алдағы уақытта пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын жетілдіруге арналған жобаларды бірлесе іске асырамыз", – деп жазды әкім.

Астана

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын жетілдіруден басқа акселератор бағдарламасының тағы екі бағыты бар.

 "Екіншісі – қаланы санитарлық тазалау. Мәселен, алдағы қыс мезгілінде қар тазалау, мұздарды жинау. Сондай-ақ нөсер кәріздерінің жұмысы, ашық люктер, сынған плиткалар, осы саладағы қызметтерді тарифтеу мәселелері т. б.", – деді Көлгінов.

Үшінші бағыт –  қоғамдық көлік мәселелері.

"Бұл бағыт бойынша қызмет көрсету сапасы, төлем жүйесі, жүргізушілерді ынталандыру бойынша шаралар, маршруттық бағыттар және т.б. қаралады. Акселератордың басты міндеті – осы 3 бағыттың өзекті мәселелерін шешу", – деп қорытындылады қала әкімі. 

Сондай-ақ А.Көлгінов пәтер иелерінің кооперативтері, қоғамдық көлік пен қаланы санитарлық тазалау жұмыстарын жақсарту немесе трансформациялау бойынша идеялар мен ұсыныстар болса, акселератор сайтына жазылуға кеңес берді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір