• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:08:04
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

25 Қазан, 2019 Барлық аймақтар

Бас прокурордың орынбасары маңызды мәлімдеме жасады

Экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатысудан бас тартуға шақырады

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Сот экстремистік деп таныған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымының әлеуметтік желілердегі парақшаларында оның жақтастары 2019 жылы 26 қазанда кезекті заңсыз акцияға қатысуға шақырып жатқаны айтылады", - делінген хатта.

Дембаевтың өз мәлімдемесінде ҚДТ мүшелері аса ауыр қылмыс жасап, шетелде жасырынып жүргенін айтты. Олар халықты заңсыз әрекеттерге итермелейді, бұл адамдардың қауіпсіздігіне, олардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне қауіп төндіреді, қоғамның қалыпты тіршілігін бұзады.

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 13-бабына сәйкес бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзген кезде оларға қатысу үшiн экстремистiк ұйымдарды тартуға, олардың нышандарын пайдалануға, сондай-ақ экстремистiк материалдарды таратуға жол берiлмейдi. Осыған байланысты мемлекеттік органдар заңда белгіленген тәртіппен санкцияланбаған наразылық акцияларын ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қатаң шаралар қабылдайды", - деп атап өтті бас прокурордың орынбасары.

Құқық бұзушылар заңсыз акцияларға қатысқаны расталған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады (50 АЕК-ге дейін айыппұл салынады, 15 тәулікке дейін қамауға алынады). "Бас прокуратура тұрғындарды арандатушылыққа бой алдырмауға және экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатысудан бас тартуға шақырады", - делінген хабарламада

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір