• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:32:09
Алматы
+35°

Елорда да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь басшысы Александр Лукашенконың шағын құрамдағы кездесуі аяқталды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Жаңа ғана жабық шағын форматта негізгі проблемалық мәселелер жайлы сөйлестік. Өйткені ең жақын елдердің өзара қарым-қатынасында қайткен күнде де талқылауды, нақтылауды, ең бастысы, шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер туындайды", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, келіссөздер нәтижесінде екі ел өте маңызды уағдаластыққа қол жеткізген. Және ол жуық арада жүзеге асады.

"Біз екі мемлекет арасында сауда көлемін ұлғайтуға, гуманитарлық салада өзара байланысты нығайтуға, халықаралық ұйымдарда белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделіміз", –дей келе, кездесу қорытындысы бойынша келісімге қол қойылып, екі президент бірлескен мәлімдеме жасайды" – деді Тоқаев.

Беларусь президенті Лукашенко достас Қазақстанға келу мүмкіндігі үшін Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, "Бүгінде Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы елдеріміздің стратегиялық мүдделеріне толығымен сай келеді. Бұл келешеккке маңызды жоспар құруға мүмкіндік беретін ұзақ жылғы жұмыстың жемісі", - деп ойын айтты.

Сондай-ақ "Біз бүгін шағын құрамда экономика саласына басымдық бердік. Себебі, екі ел арасында саясат, әскери-техникалық ынтымақтастық, дипломатия салаларында түйіні тарқамаған түйіткілдер жоқ деуге болады", – Беларусь басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір