• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:42:53
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

24 Қазан, 2019 Барлық аймақтар

«Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты республикалық тіл форумы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазмедиа орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» республикалық тіл форумын өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тіл форумында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында көрсетілген мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелері  талқыланды.

ноаенво

Форумда Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталды.

ншш,гвця

«Әсіресе, тіліміздің қоғамдағы қызметін арттырып, оның әлеуетін көтеру ісі біздің жіті назарымызда. Әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу тектіктерін іске қосу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Оның жолдарын анықтау, Қазақстандағы және әлемдік тілдік қауымдастықтағы қазақ тілінің рөлі мен мәртебесі туралы заманауи білім, ақпарат, насихат алаңдарының жұмысын ұйымдастыру - бүгінгі форумның міндеті», - деді.

Форумда Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, Парламент мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов, «Amal books» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай сөз сөйледі.

Форум жұмысы «Ғылым, білім және тіл», «Бизнес және тіл», «Заң және тіл», «БАҚ және тіл», «Мемлекеттік тіл болашағы – жастар болашағы», «Өңірлердегі тілдік ахуалды талдау» тақырыбындағы пікір алаңдарында  жалғасты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір