• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:38:23
Алматы
+35°

24 Қазан, 2019 NEWS

70 Қытай азаматы Қазақстаннан депортацияланды

Сот актілері күшіне енді, шет мемлекеттің азаматтары Қазақстан аумағынан шығарылды.

Citic Construction кәсіпорнында заңсыз жұмыс істейтін шетелдік азаматтар тексерістен кейін депортацияланды, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Талдықорған мамандандырылған әкімшілік соты, сондай-ақ Ақсу аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 2-бөлігі (Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың халықтың көші-қоны туралы заңнаманы бұзуы) бойынша 70 Қытай азаматына қатысты қозғалған  әкімшілік істі қарады.

Ведомствоның хабарлауынша, 9 қазандағы сот шешімдерімен ҚХР-ның барлық 70 азаматы кінәлі деп танылып, оларға елден шығару түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот актілері күшіне енді, шет мемлекеттің азаматтары Қазақстан аумағынан шығарылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір