• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:57:13
Алматы
+35°
Бүгін көптеген қазақстандықтардың қалтафонынан шығыс қоңыраулар шықпай, ұялы байланыс жоғалып кетті. Бұндай техникалық ақау абоненттің құрылғысы ЖСН номерге тіркелмегендіктен болғаны анықталды.
 
Үстіміздегі жылғы қаңтарда абоненттік құрылғыларды тіркеу жөніндегі норма күшіне енгені белгілі. Ол бойынша идентификациялық код базасына енбеген құрылғыларда байланыс ажыратылады. ЖСН номерге "байланған" аппараттар абонент атына тіркелген SIM-карталарда ғана істейді. Басқа SIM-карта салынса, құрылғыда байланыс болмайды.
 
Тіркелмеген құрылғылардағы байланысты өшіру "Beeline Казахстан" операторында 22 қазанда басталса, Kcell операторы IMEI-код базасындағы деректерді тексеруді бүгін түнде бастаған. Дұрыс тіркелмеген номерлерде байланыстың ажырауы содан. 
 
ЖСН номердің телефонға тіркелген-тіркелмегенін арнайы порталдан білуге болады.
 
Нөмірді қайта тіркеу үшін Kcell, Activ операторының абоненттері ЖСН нөмерді 6006 нөмеріне, "Beeline" абоненттері  6914 номеріне, Tele2 мен Altel абоненттері 6914 номеріне SMS арқылы жіберсе жеткілікті.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір