• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:40:44
Алматы
+35°

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко 6 қазанда өткен жекпе-жек алдында да, кейін де допинг-сынақтан сәтті өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Боксшылар VADA мен WBC ұйымдастырған "Таза бокс" бағдарламасы аясында тексерістен өтті.

"Головкин мен Деревянченконы 6 қазандағы жекпе-жекке арналған допинг-сынақ бағдарламасының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз", - делінген VADA-да.

Боксшылардан алынған сынамалардың бәрі таза болып шықты. 

Еске салсақ, қазан айындағы жекпе-жекте Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Кездесуден кейін ол орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір