• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:24:17
Алматы
+35°

Экс- премьер-министр Серік Ахметов бас бостандығын шектеу жазасын мерзімінен бұрын босатуға алмастыруды сұрады. Аталмыш ақпаратты Қарағанды облыстық соты растады.

"Қарағанды қаласының Қазыбек аудандық сотына Серік Ахметовтен мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініш түсті. Іс 25 қазан күні сағат 10:30-да қаралады", – деп хабарлады сотта.

Еске салсақ, өткен жылдың мамыр айында экс - премьер-министр Серік Ахметов Қазыбек аудандық сотына жазаны жеңілдетуге қатысты өтініш жолдаған болатын. Сондай-ақ ол бас бостандығын шектеу жазасын айыппұлға алмастыруды сұрады.

Кейін Серік Ахметов  өтінішін қайтып алу туралы арыз түсірді. Нақты айтқанда, арызына байланысты оның өтініші сотта қаралған жоқ. Ал 24 мамырда судья тиісті қаулы шығарды.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Серік Ахметов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір