• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:58:10
Алматы
+35°

Облыстағы жер көлемінің 50 пайызы тиесілі Мойынқұм ауданында ауыл шаруашылығы мен бірге өңдеуші кәсіпорындардың да жұмысы жүйелене түсуде. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында шикізаттың белгілі бір түріне ғана байланған экономикадан бас тартып, мүмкіндігінше бұл саланы әртараптандыруға көңіл бөлуді тапсырғаны мәлім. Осы орайда, мойынқұмдықтардың өнеркәсіпте толайым табыстарға қол жеткізіп келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мойынқұм ауданындағы ірі өндіріс ошағының бірі «Алтыналмас» акционерлік қоғам өткен жылдың есепті кезеңінде 11 миллиард 380 миллион теңгенің өнімін өндірсе, биыл жыл басынан өндіріс ошағымен өндірілген өнім көлемі 19 миллиард 93 миллион 600 мың теңгені. , Сондай-ақ «Жамбыл цемент зауыты», «Эврика барит», «Коптас», «Мыңарал компаниясы», «Шығыс кең басқармасы», «Амангелді газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестері өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда өз өнімдерін артығымен өндіріп, аудан бюджетін көтеруге көмектерін тигізді. Аталған серіктестіктерде өткен жылдың 8 айындағы көрсеткіштерге қарағанда биыл 10 миллиард 864 миллион 7 мың теңгенің өнімі артық өндірілді.

– Өткен жылдың қорытындысында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен 53 миллиард 600 миллион теңгеге өнім өндірілді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10 миллиард теңгеге артық көрсеткішті құрап отыр. Сәйкесінше ағымдағы жылы өнеркәсіп орындарының табыстылығы тағы да өсімді көрсетпек. Алдын-ала болжамның өзінде бізде мол өнім алынатындығы аңғарылады. Өткен жылы аудандағы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндірісінің көлемі 54,4пайызға артты. Өз кезегінде бұл салада 8 миллиард 763 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Ал өңдеу өнеркәсібінде 41 миллиар 247 милион теңгенің өнімін өңдеуге қол жеткізе алдық,–дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев.

Осы көрсеткіштердің өзі-ақ Мойынқұмда ауыл шаруашылығымен бірге өңдеуші өнеркәсіпорындарының мол мүмкіндікке ие екендігін аңғартады. Әрі Мойынқұм жерінде пайдалы қазбалардың мол қорының болуы да ауданның өнеркәсіп кешендерінің әлеуетін арттырудың бір тетігіне айналғаны жасырын емес.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір