• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:00:37
Алматы
+35°

Екі қолға бір күрек тауып, еңбек етіп жүрген кез-келген жан жалақының тұрақты әрі мерзімінде төленгені құп көреді. Ал кәсіпорынның жұмыскерлер алдындағы қарызының қордаланып қалуы, бұл жағдайда жергілікті биліктің әрекетсіздігі көпшіліктің наразылығын туындатудың бір-бірден себебі саналады. Осы орайда облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының араласуымен ағымдағы жылдың басынан бері өңірдегі бірқатар кәсіпорындардың жұмысшылар алдындағы жалақы қарыздары өтелді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Күні бүгінге дейін өңірдегі 19 кәсіпорындағы 4713 жұмыскер алдындағы 730 миллион 1 мың теңге көлеміндегі жалақы қарыздары толығымен өндіріліп берілді.

–Мұндағы 1350 жұмыскер алдындағы 160 миллион 500 мың теңге ағымдағы қарыздар болса, 3160 жұмыскер алдындағы 233 миллион 900 мың теңге мерзімі өткен қарыздарға жатады. Сондай-ақ, 203 жұмыскер алдындағы 335 миллион 700 мың теңге оңалту рәсімі қолданылған және банкротқа ұшарыған кәсіпорындардың қарыздарына жатады.

Бүгінгі күнге өңірдегі жалақы қарыздарының жалпы көлемі 144 жұмыскер алдында 22 миллион теңгені құрайды. Ол Талас ауданындағы «Жамбыл Недр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне үлесіне тиесілі.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында басқарма мамандарымен, өзгеде мүделлі мекемелердің қатысуымен өткізілген профилактикалық бақылау барысында «Жамбыл Недр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жалақы қарызының жалпы сомасы 60 миллион 100 мың теңге екендігі анықталды. Дер шағында қабылданған шаралар нәтижесінде кәсіпорын жұмысшылары алдындағы қарызының 38 миллион 100 мың теңгесі өндірілді.

Кәсіпорынның құрылтайшыларымен жүргізілген келіссөздердің жалақы қарыздарын төлеу кестесі бекітіліп, қазіргі уақытта кестеге сәйкес төлемдер жүргізілуде, –облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Балабек Нарбеков.

Ағымдағы жылдың 9 айдың өзінде басқармаға 780 арыз тіркеліп, 1602 жұмыскердің құқығ қорғалды. Нәтижесінеде 135 миллион 200 мың теңге көлеміндегі жалақы бойынша бершектер, 262 мың теңге көлеміндегі іссапар шығындары мен 866 мың теңге көлеміндегі үстеме ақы, өтемақы, қоса атқарған қызметіне қосымша ақылары өндіріліп берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір