• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:36:33
+35°

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне басымдық беріп, «Бұл жерде халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінеді.

Дегенмен, бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бірақ әлі де жоғары, сондай-ақ дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп.

Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлуі қажет» деп атап көрсеткен болатын.

Бүгінде Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес өз жұмысын жандадыра түсуде.

Табиғи ошақтардың белсенділігіне қарамастан, 2019 жылдың 9 айында Жамбыл облысы аумағында негізгі инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша кешенді бағдарламалар мен жоспарлар іс-шараларының орындалуы 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инфекциялық аурулар 2,0 есеге, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2,0 есеге төмендеді. Осылайша, жұқпалы аурулардың мониторингіленетін 99 нозологиялық түрінің 26-інде (27%): бруцеллез 6,5%-ға, жел шешегі - 2,7 есе, жіті вирустық гепатит - 2,5 есе, эхинококкоз - 25% - ға, лямблиоз - 2 есе, жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекциялары - 25% - ға, тұмау-2,3 есе, туберкулез-13% - ға төмендегені байқалады.

45 нозология бойынша аурулар тіркелмеген. Оның ішінде: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, тырысқақ, оба, туляремия, іш сүзегі, паратифтер, лейшманиоз, риккетсиоз, безгек-облыс халқының жұқтыру қаупі жоғары.

Айта кету керек, есепті кезеңде иылғы тоғыз айда Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметінің қызметі маңызды мақсатқа – мүдделі мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде реттелетін салада бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ аурулардың алдын алу және облыс халқының денсаулығын нығайту бойынша қолжетімді және тиімді тетіктерді енгізуге бағытталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір