• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:38:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

23 Қазан, 2019 NEWS

Шалқар Ақымғалиевтің сүйіктісі алғаш рет сұхбат берді (видео)

Атырауда суға батып бара жатқан бойжеткенді құтқармақ болып, өз өмірін қатерге тігіп, ерлікпен қаза тапқан полицей Шалқар Ақымғалиевдің сүйіктісі алғаш рет тікелей эфиге шығып, журналистерге сұхбат берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат  "Ниет" бағдарламасына сілтеме жасап.

Шалқардың сүйіктісі тікелей эфирде өткен бағдарлама кезінде байланысқа шығып, жүргізушінің сауалдарына жауап берді. Ақбота сүйіктісімен отау құрамыз деп жоспарлап жүргенін, армандарына жете алмай қалғанын - Алланың қалауы деп айтты. 

"Шалқар - өте мейірімді, кеңпейіл, жүрегі мейірімге толы, жылыжүзді, өте ақкөңіл болатын. Достарының алдында беделді болды. Әріптестерін де өте жақсы көретін. Жұмысына адал адам еді. Үйінің тұңғышы, тірегі болатын. Шалқар екеуміз қазан айында әпкесінің жылын өткізгеннен кейін, отбасын құрамыз деп ойладық. Сондай жоспарымыз болды. Алайда, ол тек біздің ғана қалауымыз емес. Ол бір Алланың қалауы. Біз ойлағандай болмады. Алла қалай қалады, солай болды. Таныстығымызға осы қазанның 17-сі үш жыл болды. Қыз бен жігіт ретінде жеті айдай жүрдік. Нақты үйленетініміз көктемде, нақтырақ айтсам наурыздың басында шешілді" , - деді Ақбота.

Қайтыс боларынан бір сағат бұрын ғана сөйлескен Ақбота бұған дейін Шалқарды ата-анасымен таныстырып, ал Шалқар қалыңдығы туралы өз отбасына айтқан екен.

Шалқардың қазасын жақын құрбысы жеткізген екен. Ақбота: "сол уақыттан бастап, менің өмірім түске айналғандай болды. Ол нәрсеге мен ешқашан сенген емеспін. Мүмкін уақыт та керек шығар ол үшін. Әлі күнге дейін мен ол адамды жүрегімнен жібере алмай жүрмін. Сол күні көпірге бардым. Ол кезде Шалқардың денесін таппаған. Мен соңына дейін, Шалқар маған өзі қоңырау шалады деп күттім. Бірақ, ондай ештеңе болмады. Шалқардың енді жоқ екенін сезгенде өмірімнің еш мәні болған жоқ" , - дейді.

Еске салсақ, 21-наурыз күні Атырауда көпірден Жайыққа секірген бойжеткенді құтқармақ болған полицей Шалқар Ақымғалиев ерлікпен қаза тапқан болатын.

Ілмек сөздер: шалқар Ақымғалиев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір