• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:29:35
Алматы
+35°

25 қазан күні сағат 18.00-ден 00.00–ге дейін С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында қалада алғаш рет «Кітапханадағы өнер түні» болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қалада алғаш рет барлық жастағы тұрғындарға арналған қызықты бағдарламаларды ұйымдастырушылар: Алматы  қаласы Мәдениет басқармасы және Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі.  

Қала тұрғындарын 12 шығармашылық алаңқайда болатын өнердің әртүрлі жанрлы және стильді бағыттағы шаралары күтеді.

«Кітапханадағы өнер түні» шарасына келушілерге қызықты бағдарламалар ұсынылады: Алматы қаласы әкімінің оркестр квартетінің әуені, қазақстандық кино және театр актерларымен кездесу, интерактивті алаң,    шеберлік-сыныптары, ретро фото аймақ, «Аромат винила», театрландырылған қойылым, қолөнер жәрмеңкесі т.б. Ал, шытырман оқиғалармен әуестенушілерді кітап сақтау бөліміндегі құпия бөлмелерде квест-саяхат күтеді.

Шараның өтетін мекенжайы: Алматы қ., Төле би көшесі 27, Достық 15 даңғ. бұрышы.

Анықтама телефоны: 2793315, 2916351, 2914052

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір