• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:46:44
Алматы
+35°

Қазақстандық жүргізуші куәліктеріне саусақ іздері тіркеледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз жүргізуші куәліктерін тіркеу қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Жады көп жаңа үлгідегі чиптерді енгізіп жатырмыз. Ол көп ақпарат сақтау үшін қажет, себебі құжат иесінің биометрикалық деректерін, оның ішінде саусақ іздерін де енгізбекшіміз. Чип құжаттың артқы бөлігінде орналастырылады. Жаңа көлік құжаты жеке құжатқа ұқсас. Тіркеу туралы куәлікке сәйкес құжаттың түсін өзгертуді жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев. 

жаңа куәлік

жаңа куәлік

жаңа куәлік

жаңа куәлік

Көлік құжатына саусақ іздерін 2021 жылдан енгізе бастайды. Бұған дейін жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісінің эскизі пайда болған. Жүргізуші куәлігінің түсі өзгереді. 

ІІМ жаңа жүргізуші куәліктерін дайындау барысында сапалы техникалық өнімдерді қолдануға уәде берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір