• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:00:41
Алматы
+35°

Петропавлда жаппай төбелес ұйымдастырған студенттер оқудан шығарылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда жастар жаппай төбелесіп, ондаған адам қолға түсті. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2-ші және 3-ші курс шәкірттері асханада кезекке таласып, арты үлкен дауға ұласып, кейін қақтығыс болған

Оқиға Есіл өзенінің жағасындағы «Восточный берег» дәмханасының маңында болды. Полицияға жігіттердің жаппай төбелесіп жатқанын жатақханадағы кезекші студенттер хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларын көрген жастар тым-тырақай қаша жөнеледі. Барлығы 46 студент қолға түсті. Көпшілігі оқуға еліміздің оңтүстігінен келгендер. Абырой болғанда, ауыр жарақат алып, денсаулығына қауіп төнгендер жоқ. Тек бір оқушыға аздаған медициналық көмек көрсетілген.

Ал оқу орнының басшылары төбелеске қатысқандарға сөгіс жариялап, ұйымдастырғандарды оқудан шығаратынын айтты.

Ербол Исақаев, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры: - Жоғары оқу орнының студенті атану бұл жоғарғы категория. Жастар өздерінің болашақ зиялы қауым өкілі екенін жақсы түсінуі керек. Ал біз оларды Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің әдеп кодексін бұзғаны үшін оқудан шығаратын боламыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір