• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:31:17
Алматы
+35°

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «ҚазСтИн» РМК Жамбыл облыстық филиалы мен Техинкалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің ұйымдастыруымен саладағы жұмысты ілгерілетуге бағытталған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жиынға өңірдің бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысып, халықаралық стандарттау, сапалы білім беру жолдары бойынша пікір алмасты. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әлия Ахметова өз алғы сөзінде бүгінгі қоғамға стандарттау ауадай қажет екенін алға тартып, әсіресе экономика, өнеркәсіп, сауда, өзге де тұтынушыларға өнім ұсынып жүрген кәсіпорындар нақты параметрлерге сай болуы қажеттігін жеткізді. Ал «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының директоры Асқар Мыңбаев «Бейнедегі стандарттар әлемдік аренаны жасайды» тақырыбында баяндама жасап, стандарт – бұл көрсеткіштерді орнатып жүйелейтін құжат, демек талаптар мен көрсеткіштер жоғары болған сайын сапалы да қауіпсіз өнім болатынын тілге тиек етті.

– Қатаң бәсекелктік жағдайында көптеген кәсіпорындар нарықта өз ұстанымдарын орнатып қана қоймай, ИСО стандарттарын қолдана отырып сапалы дамудың жаңа белестеріне де өтеді. ИСО халықаралық стандарттарды дайындаумен және жариялаумен айналысатын әлемдегі ең ірі ұйымдардың бірі болып табылады. Ол 163 елдің стандарттау жөніндегі ұлттық стандарттар жүйесін біріктіреді. Қазіргі таңда ИСО стандарттары әлемнің барлық экономикалық дамыған мемлекеттерінде сапа саласында енгізілген. Олардың негізгі тұжырымдамалары ұйымдардың сапасын басқару жүйесіне талаптар мен ұсынымдарға қорытындыланады. ИСО моделінің негізгі бір ерекшкліктерінің бірі әмбебептығымен де тұжырымдалады: мысалы стандарттар нақты бір өнімге/қызметке емес жалпы басшылыққа бағытталған, олардың саласына қарамастан кез келген ұйымдарда қолдануға болады, – деді Асқар Құрманұлы.

Сондай-ақ басқосуда ТИГУ «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының меңгерушісі Пернекүл Маликаева аталған сала бойынша сапалы білім беру жолындағы ізденістері мен студенттердің бүгінгі алып жатқан білім жүйесіне кеңінен тоқталды. ТИГУ студенттері мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенттері арасында «Стандарттау саласындағы жастардың ролі» тақырыбы бойынша пікір сайыстырып, өзіндік ойларын ортаға салды.

Шара соңында стандарттауда және өздері өндіретін өнімнің нормативтік базасын қалыптастыруға елеулі үлес қосқандары үшін «Қазфосфат» ЖШС, «ПКФ «Фан» ЖШС, «Учебный центр «Эксперт» ЖШС, «ГССиМ «Zhambyl Standart» ЖШС және «НацЭкс» АҚ ЭФ «ҚазСтИн» республикалық мемлекеттік кәсіпорны алғыс хаттарымен марапатталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір