• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:46:52
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбылда әйелдер денсаулығын қорғау айлығы өткізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесіне баса назар аударылып, бұл бағытта нақты міндеттер айқындалды.

Осы орайда Жамбыл облысында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Өңірде 2018-2019 жылдарға арналған ҚР онкологиялық аурулармен күресу туралы Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 2019 жылдың 6-27 қазан аралығында әйелдер денсаулығын қорғау шеңберінде «Сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу туралы бүкіләлемдік күніне арналған айлық» өткізілуде.

Облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржановтың айтуынша, сүт безі қатерлі ісігі әлемде, оның ішінде біздің елімізде де өзекті мәселе болып отыр. Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында әйелдерді скринингтік тексеруден өткізу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру дер кезінде көтеріліп отырған мәселе. Бұл өз кезегінде әйелдер денсаулығын корғауда үлкен әсерін тигізіп отыр.

Әлем бойынша жыл сайын 1 250 000 жаңа сүтбезі қатерлі ісігі тіркелетін болса, елімізде жыл сайын 4600-5000 жаңа сүт безі қатерлі ісігі тіркеледі екен. Ал аймақта ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша - 7201 әйел онкологиялық аурулармен есепке алынса, оның ішінде алғашқы рет анықталғаны - 1110 ауру. Дегенмен аурушаңдық көрсеткішінің аздап төмендеуі байқалады екен.

– Онкологиялық аурулардың құрамына келсек, сүт безі қатерлі ісігі - 10,9 пайызды құрайды. Бұл екінші орында, бірінші орында өкпенің қатерлі ісігі - 11,6 пайыз, одан кейін асқазан қатерлі ісігі - 8,8 пайыз, тоқ, тік ішек қатерлі ісігі - 8,1 пайыз болып отыр. Сүт безі қатерлі ісігіне тоқтасақ, осы туралы айлық өткізіліп жатқаны белгілі. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сүт безі қатерлі ісігінен - 1459 әйел есепте тұрады. Олардың ішіндегі алғашқы рет анықталғаны - 121. 2019 жылы қайтыс болғандар саны - 49, 2018 жылы - 43, яғни өлім көрсеткішінің аздап өскендігі байқалады. Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудың бір тәсілі әйелдердің сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болуы. Сондықтан осы айлық жүргізіліп жатыр. Екіншіден 30 жастан асқан әйелдердің жылына 1 рет жергілікті емханалардан әйелдерді тексеру кабинетінен өту және нысаналы топтағы әйелдердің сүт безі обырын ерте анықтауда скринингтік тексеруден өтуі және әйелдердің сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін білу. Осы мәселе бойынша 2019 жылдың наурыз айында «SALUS» көп салалы медицина орталығы және Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты професоры Нұрлан Балтабековтың қатысуымен «Онкологиялық ауруларды ерте анықтау алгоритмі» бойынша мастер-класс өткізілді. Мастер классқа БМСК саласында істейтін 77 медициналық қызметкерлер қатысты. Бұл сүт безі обырын және көзге көрінетін қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтауға көмегін тигізеді, – дейді Абай Құралбекұлы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір