• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:56:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

Латын әліпбиі негізінде лайықты жұмыс жүргізілуде

Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өткен болатын. Бүгінде бұл тұрғыда Жамбыл облысында да жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 Өкімімен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бар.

Латын әліпбиін және жаңа Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін үйрету бойынша тиісті сала мамандарын қайта даярлауды бір орталықтан жүргізу мақсатында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында кадрлық, материалдық техникалық базаларын күшейту бағытында жұмыстар атқарылды.

Латыннегізді жаңа әліпбиді үйрету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2018 жылдың 5 қыркүйегінде ашылған «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинетінде ұлттық әліпбиді насихаттау бойынша семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өткізіліп отырады.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан Жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін меңгеру бойынша 36 сағаттық оқу курсының бағдарламасы әзірленіп, 103 адам оқу курсынан өтіп, сертификаттар табысталды. Оқу курстарын Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 72 сағаттық оқу курсынан өткен тренер оқытушылар жүргізеді. Қазіргі таңда 8 қызметкер сертификатталған тренер.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасуда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір