• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:31:02
Алматы
+35°

Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаттықтың алғашқы жылдарынан білім саласын дамыту мәселесіне айрықша назар аударып, бұл бағытта баянды бағдарламалардың қабылдануына, кешенді шаралардың қолға алынуына ықпал етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұрпақ тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөліп, Үкіметке нақты тапсырмалар беруде. Президент «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да салаға серпіліс сыйлайтын қадау-қадау міндеттерді айқындады.

Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы ауданында бұл бағытта жемісті жұмыстар жүзеге асуда. Атап айтқанда жыл сайын білім ошақтары бой көтеріп, олардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи қондырғылармен жабдықталуда. Мемлекет тарапынан білім саласына бөлініп отырған қаржы көлемі де артып келе жатыр. Мысалы, өткен жылы білім саласына 7,3 миллиард теңге қаржы бөлінсе, үстіміздегі жылға осы мақсатқа қаралған қаржы 23,2 пайызға артып, 9 миллиард теңгені құраған. Үстіміздегі жылы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамту мақсатында, Жібек жолы ауылынан 100 орындық жекеменшік «Бөрте», Көктал ауылынан 50 орындық жекеменшік «Әсемгүл» бөбекжай-бақшалары іске қосылса, Ақшолақ елдімекенінде 120 орындық заманауи мектеп жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілген.

Жас буынға IT мамандығын игеру мен жаңа технологияны өз бетінше қолдануға бағыттау мақсатында №4 мектеп лицейі, Бурыл, Түймекент орта мектептерінде оқушыларды кәсіпкерлікке баулу мақсатында, Көктал орта мектебінде «Бизнес-инкубатор» жұмысын бастаған. Мұнда оқушыларды жылыжайда көкөніс өсіруге үйрету ниеті жатыр.

Бұның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні анық.

Қазіргі таңда ауданда педагогтар мәртебесін арттыру бағыты бойынша да нақты жұмыстар атқарылуда.

“Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай

ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген болатын.

Біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуір жаңаша көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Білімнің дамуы, отбасы тәрбиесі – адамзат өркениетінің дамуы. Білімі күшті ел озады, білімі әлсіз ел оған қызмет етеді. Сондықтан, ұстаздар қауымына жүктелетін міндеттің ауқымдылы зор", - дейді Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір