• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:40:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қазан, 2019 NEWS

Назарбаев Зеленскиймен кездесті

Токиодағы кездесу барысында Елбасы Владимир Зеленскийді Украинадағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияда Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еlbasy.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Токиодағы кездесу барысында Елбасы Владимир Зеленскийді Украинадағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. 

"Мен Украинадағы жайттарды үнемі қадағалап отырамын. Сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамаймын. Бұған Украинада 2 жыл оқығаным себеп бола алмайды.  Ең басты себеп мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елдеріңіздің барлық президенттерімен жақсы таныспын", - деді.

Алайда Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы оқиғаларға алаңдаушылық білдірді. Назарбаев Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

"Сіз халықтың үлкен сенімімен сайландыңыз. Өз жоспарларыңызды жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер бар", - дейді Назарбаев. 

Өз кезегінде Владимир Зеленский Украина әрқашан кең ауқымды мәселелер бойынша Қазақстан Республикасын қолдайтынын атап өтті. Келіссөздер барысында Владимир Зеленский өзінің Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен таныстығы туралы айтты, сонымен қатар Назарбаевты Украинаға шақырды. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір