• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 10:59:58
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қазан, 2019 NEWS

Аймағанбетов: Мұхамеджан Тазабек мектептерде дәріс оқи алмайды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде бөтен адамдар дәріс оқымауы керектігін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол журналистердің "Мұхамеджан Тазабек қазақстандық мектептерде лекция оқыды ма?" деген сұрағына жауап беру кезінде айтты. 

"Мектепте іс-шаралаларды тек мұғалімдер өткізе алады. Осыған байланысты Мұхамеджан Тазабек шара өткізді деп айту дұрыс емес. Себебі ондай шара өткен емес. Біреулер жоспарлады деп те айта алмаймын. Егер мектепте сондай шара өткізілсе, мен жауап берер едім. Болмаған соң, айтып та керек емес", - деді министр журналистердің сұрағына жауап беру кезінде.   

Министрден мектептерде кімдердің лекция оқуға құқығы бар-жоғын сұрады.  "Оған рұқсат жоқ. Егер сіз қандай да бір діни немесе басқа да мәселелерді меңзеп отырған болсаңыз, біздің жауабымыз бір, білім беру ұйымдарына кез келген адам келіп өзінің діни көзқарасы туралы лекция оқи алмайды және мұндай нәрсе атымен жоқ бізде", - деді Аймағамбетов. 

Еске салсақ, Мұхамеджан Тазабек - діни "Асыл Арна" телеарнасының бас директоры. Осыған дейін Тазабектің полицейлерге лекция оқыды деген ақпараттан кейін тексеріс басталғаны айтылған еді. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір