• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 10:58:06
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

Қаратау қойнауы қазынаға толы

Елбасы Н.Назарбаев еліміз нарықтық экономикаға бет бұрған кезеңнен фосфор өнеркәсібін дамыту мәселесіне де айрықша назар аударып келеді. Бұл туралы Тұңғыш Президент Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларында да кеңінен тоқталып, нақты міндеттер жүктеді. Соның нәтижесінде Қаратау өңіріндегі фосфор кені тиімді игеріліп, елдің ырзық-несібесіне айналып отыр.

Өткенге шегініс жасасақ, Қазақстан Үкіметінің қолдау нәтижесінде 1999 жылғы 27 қазан күні «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміз бойынша фосфор өнімдерін өндіру саласы бойынша биік шыңдарды бағындырған, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтулы үлес қосып келе жатқан, алыс-жақын шет елдерге өзінің өндірген өнімдерімен танылған алпауыт компаниялардың бірі. Жамбыл облысы химия өнеркәсібінің тұғыры болып қалыптасты. Фосфор өнімдеріне әлемдік рынокта сұраныстың көбейіп отырғаны компанияның келешекте қазіргіден де көлемді жұмыстар атқаруына тура келетінін білдіреді. Компанияның шығарған өнімдерін Орта Азия мемлекеттері түгел дерлік, Шығыс және Батыс Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлығындағы мемлекеттер пайдалануда. Әріптес ретінде шетелдердің ірі кәсіпорын, компанияларымен өте тығыз, тиімді жұмыс атқару жүйеге қойылған.

Үстіміздегі жылы «Қазфосфат» ЖШС-іне мерейлі 20 жыл толды. Бұл мерекені 6200 адам жұмысшылары бар «Қазфосфат» ЖШС-нің барлық жеті филиалдары әртүрлі мәдени көпшілік іс-шаралар өткізу арқылы мерекеледі. «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені Сарысу ауданындағы ең ірі өндіріс орыны. Атқаратын жұмыстарына қарай сараптағанда «Қазфосфат» ЖШС филиалдарының ішіндегі жұмысының күрделілігі жөнінен, қауіптілігі жағынан жоғарысы ол – «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені. Себебі, кешенде фосфор өндіруге қажет алғашқы шикізат, фосфор кені өндіріледі. Ал, жер астынан кен өндірудің қандай қиын, күрделі жолдармен, ауыр техникалар мен күрмеуі қиын түрлі технологиялармен жүзеге асырылатынын сол жұмыстың басында болып, көзімен көріп, қолымен ұстағандар ғана біледі. «Қазфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде фосфор кенін өндіру 1946 жылдың 5 желтоқсанында басталған. Оған биыл 73 жыл толып отыр. Кешен негізінен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізумен, фосфорит кенін шығару және сұрыптап, өңдеу жұмыстарымен айналысады. Оның негізгі өндірістік цехтары орталық байыту фабрикасы, ұсақтап сұрыптау фабрикасы және «Көксу» кеніші болып табылады. Сонымен қатар қосалқы 12 көмекші цехтар жұмыс атқарады. Кешенде бұл күнде барлық мамандықтар бойынша 1542 адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың дені жергілікті ұлттың үлесінде болса, басқа 12 ұлттың өкілдері жұмыс істейді. Орташа айлық жалақылыры 129 162 тенгені құрайды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір