• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:47:19
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде елімізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылып, жемісті жұмыс атқаруда. Оның жарқын мысалын Жамбыл облысынан да кездестіруге болады. Жаңашылдыққа негізделген құрылымның қызметі уақыт талабымен үндесуде. Осы орайда жаңа бөлімдердің де ашылып, көпшілікке көп көмегін тигізіп жатқандығын айта кеткен жөн.

Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2018 жылдың 19 қаңтарындағы №6-р үкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмыс жоспарының 181 пунктін жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылдың 26 сәуірінде Тараз қаласында алғашқы көші-қон қызметі орталығы ашылды.

Осы орталық көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бұл қызметтердің көрсету мерзімін қысқарту, жемқорлық тәуекелдерін жою және қолайлы жағдай жасау үшін құрылып, еңбек мигранттарына рұқсатнама беру бойынша қызмет "бір терезе" қағидасымен ұсынады.

Орталықта 14 қызметкер жұмыс атқарып, «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» бойынша 8 айда 1898 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұдан бөлек, осы орталықта шетелдік еңбек иммигранттарына медицина қызметі, нотариус қызметі көрсетіліп, «Казпошта» акционерлік қоғамының бөлімшесі орналасқан.

Тараз қаласындағы мамандандырылған ХҚКО бойынша да жемісті жұмыстар жалғасуда. Тіркеу-емтихан қабылдау бөлімдерін жабу туралы шешім қабылданғаннан соң ІІМ-нің бастамасымен қолға алынған жаңа ереже мамандандырылған ХҚКО дағы ТЕБ орындарын жабу, сонымен қатар теориялық және практикалық емтихандарды өткізу міндеті 2019 жылдың 1 шілде айында мемлекеттік корпорацияларға берілді. Қазіргі таңда мамандандырылған секторлар, Қордай, Мойынқұм, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас қызмет жасауда.

2018 жылдың 8 айында облыс көлемінде «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» -мемлекеттік қызмет түрі бойынша 74 680 қызмет көрсетілсе, «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметі бойынша - 13 679 қызмет көрсетілді.

Алдағы уақытта да нәтижелі жұмыстар жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір