• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:16:58
Алматы
+35°

Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаттықтың алғашқы жылдарынан білім саласын дамыту мәселесіне айрықша назар аударып, бұл бағытта баянды бағдарламалардың қабылдануына, кешенді шаралардың қолға алынуына ықпал етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұрпақ тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөліп, Үкіметке нақты тапсырмалар беруде. Президент «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да салаға серпіліс сыйлайтын қадау-қадау міндеттерді айқындады.

Білім саласындағы жұмыс мектепке дейінгі тәрбиеден басталатындығы даусыз. Осы орайда балабақшалар мен шағын орталықтарға да көңіл бөлудің маңызы ерекше. Бұл тұрғыда «Қафзфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы- «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені көпке үлгі боларлық тындырымды тірліктер атқаруда.

- «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені Сарысу аудандағы ең ірі кәсіпорын. Кешен фосфор кенін өндіріп, өңдеумен айналысып келе жатқанына 73 жыл толды. Кешен өз тарихында ауданымыздың, Жаңатас қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын қомақты үлесімен ел есінде қалары анық. Балалар – біздің болашығымыз, ертеңгі ізбасарларымыз. Сондықтан олардың тәрбиесі, білім алуы әркез аға буынның қамқорлығында,-дейді кешен директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұратқали Сәрсенов.

Кешен директоры, облыстық маслихаттың депутаты М.Б.Сарсенов жуырда Дегерес елді мекеніндегі «Болашақ» балабақшасының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті. Тәрбиеленушілердің жатын орындарын, ойын бөлмелерін аралап көрді. Ұжыммен кездесуде оларға бала тәрбиесінде абыройлы еңбек етіп, болашақ біздің ізбасарларымызды тәрбиелеуде шығармашыл еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді. Балабақша меңгерушісі Сейне Ахметоваға алғыс хат тапсырып, қаржылай сый-сияпат жасады.

Өз кезегінде балабақша меңгерушісі де лайықты қолдау көрсеткен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің басшылығына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Жалпы, «Болашақ» бағдарламасы мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында ашылып, жұмысын жүйелі жалғастыруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір