• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қаңтар, 13:12:54
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қазан, 2019 NEWS

Бозымбаев: Қауесет сөздерді тоқтатуды сұраймын

Энергетика министрінің айтуынша, елде бензин мен дизель отынының бағасының өзгеруіне негіз жоқ, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады

 "Биыл бензин мен дизель отынының бағасын өзгертуге ешқандай себеп жоқ. Сізден қауесет, жалған пікірлер, алып-қашпа сөздерді  тоқтатуды сұраймын. Біз биыл ештеңені, соның ішінде акциздерді де өзгертпейміз. Нүкте. Егер біз көтеретін болсақ, онда кішігірім автомобильдерге арналған көлік салығын алып тастау керек. Бұл біздің ұсынысымыз. Осылайша, үш литрге дейінгі шағын автомобильдерге көлік салығын төлеуге тура келмейді. Бұл көлік құралдарына ие ең осал топтар үшін белгілі бір дәрежеде өтеледі", –  деп министр Қанат Бозымбаев медиа-сұраққа жауап берді.

Ведомство басшысы Әділет министрлігі Энергетика министрлігі мен ҰҚК және Қаржы министрінің біріктірілген бұйрығын тіркегенін айтты. Онда Қазақстан аумағынан түрлі түсті және басқа да мұнайөнімдерін көлікпен тасымалдауға тыйым салынатыны көрсетілген. 

"Енді бензин, дизель отыны және басқа да мұнайөнімдері Қазақстан аумағынан алты айға шығаруға тыйым салынды", – делінген энергетикалық ведомство басшысы. Ал осыған дейін министр Қазақстанда бензин ресейлік бағаға жетуі мүмкін екенін айтқан еді.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір