• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:54:23
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында тілдің үлкен саясат құралы екенін ескеріп, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыруға айрықша мән берді. Сәйкесінше, стратегиялық мәні зор құжатта мәртебесі артқан қазақ тілін кезең-кезеңімен ұлтаралық қатынас тіліне айналдыратын кез келгені де айтылады. Бұл бағытта облыста ауқымды жұмыстар қолға алынып, межелі міндеттерге қол жеткізілуде, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.

Өңірде ағымдағы жылы көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің пайдаланылу көрсеткішін 100 пайызға жеткізу белгіленген. Үстіміздегі жылы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы аудандар мен Тараз қаласы әкімдері арасында келісімдер жасалып, көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің пайдаланылу дәрежесін нысаналы көрсеткіш ретінде көрсетіп, әр тоқсанға нақты меже белгіленді. Аталған келісімдегі тоқсандық межеге сай ағымдағы жылдаң ІІІ тоқсанның қорытындысымен 95 пайыздық межені еңсеру көзделген. Бұл индикаторлық мақсат барлық аудандар мен Тараз қаласында 0,2 пайызға асыра орындалды. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттардың үлесі 99,2 пайызға теңесті.

Сонымен бірген облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығында жыл басынан бері 2024 тыңдаушы оқыса оны 776-сы мемлекеттік тілді меңгеруге күш салды. Сәйкесінше өңірде Президент тапсырмасына сай қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру жұмыстары ең әуелі облыс аумағында тұратын этностарға қазақ тілін үйретуден басталғалы отыр. Бұл орайда облыстық тілдерді оқыту орталығы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және 22 этномәдени бірлестіктер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Аталған меморандум аясында 595 өзге ұлт өкілі қазақ тілін тегін үйреніп жатыр.

Қазақ тілі біздің еліміздегі мемлекетті құраушы ұлттың тілі. Сондықтан мемлекеттік тіл ретінде қазақ тіліне құрметтің артуы елдегі саяси тұрақтылық пен сабақтастықтың өз деңгейінде жолға қойылғанын көрсетеді. Ал өзге ұлт өкілдерінің өздері туып өскен мемлекеттің тілін оқып үйренуге деген құлшынысының артуы олардың қазақ халқына деген шексіз құрметінің символы саналады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір